Белгілі ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы басшылық қызметке тағайындалды
Жарияланған күні:

Жазушылар одағының Астана қаласындағы филиалының жаңа директоры болып белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлы тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жазушылар одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жазушылар одағының баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қаңтарда Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері және бірқатар қаламгердің қатысуымен маңызды кездесу өткен.
Кездесуде Жазушылар одағының Астана қаласындағы филиалы қайта құрылып, оның жаңа директоры болып белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлы тағайындалған.
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов солтүстік өңірдің хатшылығына Бауыржан Бабажанұлын таныстырып, оған сенім хатын табыстап, Астана қаласындағы Жазушылар одағының бұрынғы өкілі Дәулеткерей Кәпұлына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тілеген.
Сондай-ақ одақ төрағасы Бауыржан Бабажанұлын бұл қызметке тағайындауды өзі ұсынғанын, ал басқарма хатшылығы бекітетіндігін, жаңа басшыға директорлық және хатшылық куәліктері жақын арада табысталатынын атап өткен.
Бұдан бөлек, жиын барысында Мереке Құлкенов ұйымның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасап, тың идеялар мен болашақ жоспарларды ортаға салған. Оның орынбасары Ғалым Қалибекұлы Жазушылар одағының қазіргі жағдайы мен даму бағыттары жөнінде мәлімет берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2214743-belgili-zhurnalist-aqyn-bauyrzhan-babazhanuly-basshylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/