jitsu gif
Саясат

    "Жалпы нәтиже жаман емес деуге болады": Тоқаев үкіметтің жұмысына баға берді

    Үкіметтің кеңейтілген отырысы
    Үкіметтің кеңейтілген отырысы. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында үкіметтің жұмысына баға берді. Бұлд туралы KAZ.NUR.KZ Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Былтыр біраз қиындық болғаны рас. Экономиканың дамуына көптеген жағымсыз факторлар ықпал етті. Дегенмен, біз ахуалды ушықтырмай, бақылауда ұстай алдық. Жалпы нәтиже жаман емес деуге болады. Өткен жылды оң көрсеткіштермен аяқтадық. Алайда жайбарақат отыруға болмайды, шешімін табуы қажет түйткілдер әлі де көп. Мұны сарапшылар да, азаматтар да жақсы біледі", - деді президент.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы еліміздің экономикасын әртараптандыру міндеті тиісті деңгейде орындалмағанын айтқан.

    "Экономикамыз Ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді болып тұр. Бірақ, осы жерде атап өтуіміз керек, Ұлттық қор — бұл мемлекеттік экономиканың ажырамас бөлігі. Бизнестің инвестициялық белсендігі әлі де болса төмен деңгейде. Бұл олқылықтарды биылдан қалдырмай дереу жою қажет. Үкімет нақты шаралар қабылдауы тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Естеріңізге сала кетсек, бүгін үкімет үйінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

    Жиында баяндама жасаған премьер-министр Олжас Бектенов жуырда Алматы облысында алғашқы атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қойылатынын айтты.

    Сонымен қатар екінші және үшінші атом электр станциялары салынуы мүмкін орындарды анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын екенін жеткізді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.