Саясат

Зектілері

Тоқаев Шымкент әкіміне: Қорқудың қажеті жоқ

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент қаласындағы заңсыз салынып кеткен құрылыстарды сүру жұмыстарына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлайды.

Президенттің айтуынша, Шымкентте жер телімдеріне қатысты өткір мәселе шешілмей тұр.

"Заң алдында бәрі бірдей. Сондықтан былтырдан бастап заңсыз салынған нысандар сүріле бастады. Мемлекеттік органдардың мұндай әрекеті сынға ұшырап жатыр. Бірақ бұдан қорқудың қажеті жоқ. Себебі әкімдік заңға сәйкес жұмыс істеп жатыр. Алайда халықпен пікір алмасуды жалғастыру қажет. Яғни, түсіндіру жұмысын тоқтатпау керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы елде өзін қоғам белсендісі санайтын топтар пайда болғанын айтты.

"Олар көп жағдайда әлеуметтік желіні пайдаланып, биліктің түпкі мәні дұрыс, бірақ бәріне бірдей ұнай бермейтін шешімдері туралы орынсыз дау көтеріп, елді дүрліктіреді. Сондықтан барлық шешімді халыққа жақсылап, мұқият түсіндіру маңызды. Бұл мәселе бүкіл аймаққа қатысты. Кез келген жұмыс барынша ашық әрі түсінікті болған жөн", - деді ол.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2215899-toqaev-shymkent-akimine-qorqudyng-qazheti-zhoq/