jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қорғаныс министрі президентке армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйін баяндады

    Руслан Жақсылықов пен Қасым-Жомарт Тоқаев
    Руслан Жақсылықов пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Кездесуде президент – Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілген.

    Сондай-ақ мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалған.

    Бұдан бөлек, Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтқан.

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берген.

    Қорғаныс министрі президентке армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйін баяндады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.