jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ахмед-Заки Дархан ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

    Ахмед-Заки Дархан
    Ахмед-Заки Дархан. Фото: gov.kz

    Ахмед-Заки Дархан басқа жұмысқа ауысуына байланысты ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген үкімет хабарламасында.

    Еске салсақ, Ахмед-Заки Дархан Қазақстан ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына 2023 жылғы қыркүйекте тағайындалған болатын.

    "Параграф" сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Дархан Жұмақанұлы 1981 жылы 29 наурызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2007 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Ғылым және жоғары білім министрлігінде вице-министр болып жұмыс істегенге дейін Astana IT University ректоры қызметін атқарған, сонымен қатар Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы болған.

    Ахмед-Заки Дархан ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.