jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда АЭС салу: әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне қай елдің компаниялары енді

    Атом электр станциясы
    Атом электр станциясы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстан атом электр станцияларын салу технологияларын әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Росатом" мемлекеттік корпорациясы KHNP (Корея), CNNC ( Қытай) және EDF (Франция) компанияларымен қатар Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енді.

    2025 жылғы 21 қаңтарда Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздер сериясының соңғы кезеңі болды", - делінген министрлік хабарламасында.

    Хабарламада бұған дейін, 2024 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін Корея Республикасына, Франция Республикасына және Қытай Халық Республикасына осындай сапарлар болғаны айтылған.

    "Жобаны жүзеге асыру үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау туралы соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Ол 2025 жылы Қазақстан ұлттық мүдделерін, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді ескере отырып қабылданады", - деп түсіндірді министрлік өкілдері.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы алғашқы атом электр стансасының құрылысын тездету қажет екенін айтқан еді.

    Қазақстанда АЭС салу: әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне қай елдің компаниялары енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.