jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақтауда оралдық сарбаз ант қабылдау кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

    Сүйіктісіне сөз салған сарбаз
    Сүйіктісіне сөз салған сарбаз. Фото: ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

    Ақтау қаласында өткен Ұлттық ұлан сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі ерекше оқиғамен есте қалды. Жас жауынгер салтанатты рәсім кезінде сүйіктісі, оралдық Гүлназға көпшілік алдында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды kazinform агенттігі.

    Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, 200-ден астам жас жауынгер ант берсе, солардың ішінде Орал қаласының тумасы Артур Сәрсенғалиев үшін бұл күн аса маңызды болды.

    Ол салтанатты рәсімде сүйіктісі, оралдық Гүлназға көпшілік алдында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

    Гүлназ еш ойланбастан:

    "Иә", — деп жауап берді.

    Бұл айрықша оқиға жиналғандардың жүрегіне жылылық ұялатты. 

    "Мен үшін бұл күннің мәні ерекше. Әскери ант қабылдау — әр сарбаздың өміріндегі жауапты сәт. Ал осы күні сүйіктіме ұсыныс жасап, оның келісімін алу — мен үшін үлкен бақыт. Гүлназ менің өмірімдегі ең қымбат адам, енді мен тек Отанға ғана емес, оған да адал болуға уәде беремін", — деді Артур толқып тұрып.

    Осылайша, қатардағы жауынгер Артур Сәрсенғалиев маңызды шешім қабылдап, сүйіктісімен бірге жаңа өмірге қадам басты.

    Ақтауда оралдық сарбаз ант қабылдау кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.