jitsu gif
Саясат

    Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Оңдасын Оразалин жаңа лауазымға ие болды

    Оңдасын Оразалин
    Оңдасын Оразалин. Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Оңдасын Оразалин "ҚМК Мұнай" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор брижасына сілтеме жасап хабарлайды.

    KASE-тің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, мұндай шешім 2025 жылғы 24 қаңтарда "ҚМК Мұнай" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған.

    Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілген: кеңестің құрамынан Құрманғазин Е.А. шығарылған, Оңдасын Сейілұлы Оразалин сайланған.

    "Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚМК Мұнай" АҚ директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Оңдасын Оразалин 2019 жылғы ​​ақпаннан 2022 жылғы тамызға дейін Ақтөбе облысын басқарды.

    Оған дейін 2017 - 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.