jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шаруаларға тиесілі арзандатылған жанар-жағармайды сататын тұлғалар мен компаниялар жазаланады

    Бензин құйып жатқан ер адам
    Жанармай құю бекеті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Премьер-министр Олжас Бектенов шаруаларға тиесілі арзандатылған жанар-жағармайдың сатылып кетуіне жол беретін компанияларға қатысты қатаң шара қабылдауды тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Премьер-министр Олжас Бектенов шаруаларға жанар-жағармайдың бөлінуін бақылау мәселесіне баса назар аударды.

    Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазірдің өзінде 400 мың тоннадан астам жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінген.

    "Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен өңір әкімдері арзандатылған отынның тиісті көлемін жеткізуді бақылауда ұстасын.

    Әкімдіктер бір апта мерзімде өңірлік операторлар бойынша толық деректерді берсін.

    Шаруаларға тиесілі отынның сатылып кетуіне жол беретін компаниялар мен жеке тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді премьер-министр.

    Айта кетейік, бүгін, 11 ақпанда үкімет отырысында жаңа Салық кодексіне енгізілетін ұсыныстар туралы баяндалды. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығына қатысты жаңа ұсыныстарын айтты. Оның сөзінше, ҚҚС мөлшерлемесі сараланған болуға тиіс.

    Сондай-ақ бүгіннен бастап өңірлердегі бизнес-қоғамдастықпен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобының жұмысы басталады. Қазіргі уақытта топтар өңірлерге шығып, жергілікті жерлерде бизнеспен кездесулер өткізіп жатыр.

    Еске сала кетейік, кеше, 10 ақпанда Астанада өткен бизнес өкілдерімен кездесуде қаржы министрі мен ұлттық экономика вице-министрі ҚҚС-тың сараланған мөлшерлемесін талқылады. Кездесуде ҚҚС мөлшеріне қатысты үкімет ұсыныстары да ортаға салынды.

    Бүгін үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің жобасына түзетулерді осы жылдың 20 ақпанына дейін мәжіліске енгізу жоспарланып отырғаны айтылды.

    Шаруаларға тиесілі арзандатылған жанар-жағармайды сататын тұлғалар мен компаниялар жазаланады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.