jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

    Тоқаев пен Антониу Кошта
    Тоқаев пен Антониу Кошта. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы "Ақордаға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Еуропа тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта телефон арқылы сөйлесті.

    Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағының арасындағы байланыстарды нығайтудың өзекті мәселелері мен перспективасы талқыланды.

    ️Мемлекет басшысы Еуропа Одағымен, соның ішінде Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы қарым-қатынастардың даму қарқынына оң баға берді. Сондай-ақ сауда, инвестиция, энергетика, көлік-логистика және цифрлық трансформация салаларындағы байланыстарды тереңдету мен орнықты дамудың маңызын атап өтті.

    ️Тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің барлық бағыты бойынша диалог пен өзара ықпалдастықты ілгерілетуге алдағы уақытта да дайын екенін растады.

    ️Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.