jitsu gif
Саясат

    "Бұл ұстанымымыз енді шындыққа айналды": Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдірді

    Президентжастармен жүздесуде
    Президент жастармен жүздесуде. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент "Жұмысшы мамандықтарының қаласы" фестиваліне барды. Жастармен жүздесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Мемлекет басшысы "Жұмысшы мамандықтарының қаласын" аралап көрген соң өңірлерден келген жастармен жүздесті. Президент кез келген еңбек қадірлі, құрметке лайық екеніне назар аударып, жастарды аянбай еңбек етуге шақырды.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдіріп, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы ең басты құндылық екеніне назар аударды.

    "Біз "Бірлігіміз – әралуандықта" идеологиясын темірқазық етіп ұстанып отырмыз. Ұлтымыз бен наным-сеніміміз әртүрлі екеніне қарамастан, бір қоғамда тұтас халық болып өмір сүреміз. Мен баршаңызды осынау терең үдерісті толық түсінуге шақырамын. Сонда ғана табысқа жете аламыз.

    Қазір Украина жөнінде көп айтылып жатыр. Біз алғашқы кезден бастап осы соғысты міндетті түрде тоқтату керек, дипломатиялық келіссөздер арқылы бір мәмілеге келу қажет деп айттық. Бұл ұстанымымыз енді шындыққа айналды. Екі алпауыт ел саяси сұхбат жүргізе бастады. Бұл – жақсы үрдіс. Әрі Қазақстанға пайдасын тигізеді. Сондықтан біз мұны мейлінше қолдаймыз", - деді президент.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған еді. Кейін Трамп пен Путиннің не туралы сөйлескені белгілі болды.

    Трамп сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленскиймен де сөйлескен. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.