jitsu gif

"Президент Путинге алғыс айтқым келеді": Трамп Путинмен телефон арқылы не туралы сөйлесті

Владимир Путин мен Дональд Трамптың 2019 жылғы кездесуі
Владимир Путин мен Дональд Трамптың 2019 жылғы кездесуі. Фото: Brendan Smialowski / AFP via Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы не туралы сөйлескенін баяндады. Ол Truth Social желісіндегі парақшасында Путинмен арадағы әңгіме қалай өрбігенін айтып берді.

"Тап қазір Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы ұзақ әрі өнімді әңгімелестік. Біз Украина, Таяу Шығыс, энергетика, жасанды интеллект, доллардың күші және басқа да тақырыптарда әңгіме өрбіттік", - деді Трамп.

Оның айтуынша, әңгіме барысында олар "ұлттардың ұлы тарихы" туралы ой қозғап, екі елдің Екінші дүниежүзілік соғыстағы бірлесе жасаған әрекеттерін сөз қылған. Сонымен бірге Трамп "Ресей сол кезеңде ондаған миллион адамынан айырылғанын" атап өтті.

"Біздің ұлттардың мықты тұстарын сөз етіп, бірлесе жұмыс істеу бізге қыруар пайда әкелетіні туралы сөйлестік. Бірақ ең бірінші, екеуіміз де келісіп отырған мәселе - біз Ресей/Украина соғысы салдарынан болып жатқан миллиондаған адамның өлімін тоқтатқымыз келеді. Президент Путин, тіпті менің "Парасаттылық" деген сайлауалды ұранымды да қолданды. Екеуіміз де оған үлкен сенім артамыз. Біз бірге өте тығыз жұмыс істейміз, оның ішінде бір-біріміздің елімізге барамыз деген шешімге келдік. Сондай-ақ біздің командалар жедел келіссөздерді бастайды деген шешімді де қабылдадық. Украина президенті Зеленскиймен сөйлесуден бастаймыз, тап қазір сонымен айналысамын", - деп мәлімдеді Трамп.

Свежая публикация по теме:
Путин Украинаға 15 мамырда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

Трамп келіссөздерге басшылық жасауды мемлекеттік хатшы Марко Рубиоға, ЦРУ директоры Джон Рэтклиффке, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майкл Уолцқа және арнайы өкіл Стив Виткоффқа тапсырғанын хабарлады.

"Мен президент болсам мүлдем болмайтын бұл соғыс салдарынан миллиондаған адам көз жұмды. Бірақ соғыс басталды, енді ол аяқталуы керек. Енді бірде-бір жан құрбан болмауы керек. Мен президент Путинге оның бұл үндеуге уақыт бөліп, ынта танытқаны үшін алғыс айтқым келеді. Сонымен бірге кеше өз басым Ақ үйде жеке күтіп алған керемет жан - Марк Фогельді босатқаны үшін алғыс білдіргім келеді. Біз жұмсаған күштің арқасында бәрі сәтті және жақын арада аяқталады деп сенемін", - деді Трамп.

РИА Новости агенттігінің дерегінше, Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлескенін растап отыр. Песков берген мәліметке сай Путин Трампты Мәскеуге шақырған. Ал келіссөздер бір жарым сағатқа созылған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.