Саясат

Зектілері

Нұрлан Ұранхаев Абай облысы әкімі қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Нұрлан Ұранхаев
Нұрлан Ұранхаев. Фото: Абай облысының әкімдігі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Нүрлан Ұранхаев Абай облысы әкімі қызметін 2022 жылдан бері атқарып келді.

Абай облысы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұрлан Ұранхаев еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының "Казпромтехмонтаж" тресінде шебер, прораб болып бастаған. Кейін Семей қаласының "Сары-Арқа" АҚ сенім білдірілген басқарушысы, сондай-ақ 2001-2003 жылдары — "Казиркутсклес" ЖТАҚ бас директоры (Иркутск облысы) қызметін атқарған. Ал 2003-2005 жылдары Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы болып тағайындалды. Кейін Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына дейін өскен.

Ал 2007 жылы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары болды. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарған. 2009-2010 жылдары "Ертіс" ӘКК басқарма төрағасының орынбасары болды. 2010-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 2013-2014 жылдары Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі, 2014 жылы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, 2015-2017 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Бас директоры, 2017-2018 жылдары Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, 2019 – 2022 жылдары Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2220902-nurlan-uranhaev-abai-oblysy-akimi-qyzmetinen-ketti/