jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойды

    Түркістан қаласы
    Түркістан қаласы. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

    Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

    Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

    Құжатта:

    • тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
    • археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
    • тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
    • қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
    • археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
    • мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
    • қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
    • тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
    • мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
    • туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

    Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

    Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.