jitsu gif
Саясат

    Елімізде алғаш рет құрылыс және өнеркәсіп саласындағы құрметті атақтар табысталды (фото)

    әйелдер
    Марапат алған қазақстандықтар. Фото: Ақорда

    8 наурыз қарсаңында елімізде алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы", "Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" құрметті атақтары табысталды, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың хабарлауынша, биыл марапаттар жүйесіне жаңадан енген 9 құрметті атақтың екеуі бүгін алғаш рет табысталды.

    "Әлемдік додаларда топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген аруларымыз да бар.

    Біз қажырлы еңбегімен, ерен ерлігімен танылған қыз-келіншектерді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздік жылдары өз саласының үздігі атанған 8 әйелге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді.

    Биыл елімізде – "Жұмысшы мамандықтары жылы". Қазір осы саладағы білікті мамандардың мәртебесін көтеру үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, мемлекеттік марапаттар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ енгізілді. Бүгін осындай екі марапат алғаш рет тапсырылады.

    марапат алған әйел
    Еңбек ардагері құрметті атақ алды. Фото: t.me/aqorda_resmi

    "Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы" атағы еңбек ардагері Ольга Шелудькоға беріледі.

    Ал өндіріс озаты Майра Ерманова "Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" атанып отыр.

    өндіріс озаты
    Өндіріс озаты құрметті атақ алды. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Осындай нағыз еңбек адамдарына бүкіл ел болып құрмет көрсетіп, оларды жан-жақты дәріптеуіміз керек. Жұмысшы мамандықтары жылының түпкі мәні де – осы", - деді президент.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.