Бурабайда Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай отырысы басталды (фото)
Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Жиынға Құрылтай мүшелері мен басқа да делегаттар қатысып отыр. Қазіргі уақытта спикерлер сөз алды.

Жиында мемлекет басшысы сөз сөйледі. Президент жиында сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары 2022 жылы – Ұлытауда, 2023 жылы – Түркістанда, ал былтыр Атырауда өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2228109-qasym-zhomart-toqaevtyng-qatysuymen-ulttyq-quryltai-bastaldy/