jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев: Жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен "коучтар" көбейіп кетті

    Ұлттық құрылтай
    Ұлттық құрылтай отырысы. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды алаңдатқан алаяқтық әрекеттер туралы пікір білдірді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай мүшелерінің алаңдаушылық білдіріп отырған мәселелеріне тоқталды.

    "Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекет жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегіп жатыр.

    Бұдан бөлек қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен "коучтар" көбейіп кетті. Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Бұл мәселені құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек дұрыс көтеріп отыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс", - деді президент.

    Тоқаев: Жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен "коучтар" көбейіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.