jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы қай қалада өтеді

    Ұлттық құрылтай отырысы
    Ұлттық құрылтай отырысы. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

    "Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз.

    Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына 100 жыл толып отыр.

    Осы ретте құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын", - дейді президент.

    Мемлекет басшысының сөзінше, Ұлттық құрылтайдың отырыстарын әр облыста өткізудің ұтымды тұсы бар.

    "Алқалы жиында аймақтың дамуына қатысты өзекті мәселелер де қаралады. Менің тапсырмаммен бүгінгі басқосуға Ақмола облысының бір топ азаматы қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен жастар бар.

    Мен осы аймақтың дамуына айрықша мән беремін. Сондықтан Ақмола облысындағы кейбір бастамалар мен жобаларға назар аударғым келеді.

    Өздеріңіз білесіздер, мен 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жарияладым. Бұл – кәсіптік және техникалық білім беру саласын жаңғыртуға және жұмысшы мамандардың қоғамдағы беделін арттыруға арналған маңызды шешім", - деді президент.

    Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы қай қалада өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.