jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Солтүстік Македонияның президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Telegram/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

    Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

    Айта кетейік, Солтүстік Македонияда түнгі клубтағы өрттен 59 адам қаза тапты. 15 күдікті тұтқындалды. Кочани қаласындағы клуб сенбіден жексенбіге қараған түні сағат 02:30-да отқа оранған. Жалыннан 155 адам жараланған.

    Осыған байланысты Солтүстік Македонияда жеті күндік қаралы күн жарияланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.