RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қазақстанда АЭС салу: Оңтүстік Корея өкілдерімен келіссөздер өтті

Жарияланған күні:

АЭС. Көрнекі фото
АЭС. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Астанада Қазақстанда АЭС салу бойынша ықтимал ядролық технологиялар жеткізушілерімен жүргізіліп жатқан бәсекелестік диалог аясында оңтүстіккореялық компаниямен кездесу өтті. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақала мәтіні жеткіліксіз немесе оқылмайтын.
  • Берілген мәтіннен мағыналы ақпарат алу мүмкін емес.
  • Нақты талдау жасау үшін толық және оқылатын мәтін қажет.

Ведомство хабарламасына сай, тараптар атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, кадр даярлау, жергілікті өндірісті дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев KHNP компаниясының заманауи реакторларды жобалау, салу және пайдалану тәжірибесін атап өтіп, халықаралық серіктестермен ашық әрі әділ бәсекеге негізделген диалог жүргізудің маңыздылығына тоқталған.

"KHNP компаниясының бас директоры Чухо Уанг Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру үшін Оңтүстік Кореяның тәжірибесін ұсынуға дайын екенін мәлімдеп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.️ Аталмыш кездесу Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша ықтимал ядролық технологиялар жеткізушілерімен жүргізілген келіссөздердің қорытынды кезеңі болды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2230775-qazaqstanda-aes-salu-ongtustik-koreia-okilderimen-kelissozder-otti/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif