Саясат

Зектілері

Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді (фото)

Жарияланған күні:

Қасым- Жомарт Тоқаев Түркістан әуежайын Гурбангулы Бердімұхамедовті қарсы алуда
Қасым- Жомарт Тоқаев Түркістан әуежайын Гурбангулы Бердімұхамедовті қарсы алуда. Фото: akorda.kz

Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мәртебелі мейманды Түркістан әуежайында президент қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.

Айта кетейік 29 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген еді. Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қарсы алды.

Қала әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы "Медеу" селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев қала әкімінің еліміздегі ең ірі "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады.

Кейін Қазақстан және Өзбекстан президенттерінің бейресми кездесуі өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2237811-turikmenstan-halk-maslahatynyng-toragasy-gurbanguly-berdimuhamedov-qazaqstanga-keldi/