jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Тек оң нәтижелерді көрсеттіңіз": Бектенов QazaqGas басшысынан проблемалық мәселелерді көбірек айтуды сұрады

    Олжас Бектенов проводит совещание Республиканского штаба
    Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

    Бүгінгі үкімет отырысында Қазақстандағы газ саласын дамыту мен цифрландыру мәселелері қаралады. QazaqGas басшысының баяндамасын тыңдаған премьер-министр жұмыстағы оң нәтижені ғана емес проблемалық мәселелерді де айту қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үкімет отырысында QazaqGaz ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов компания қызметіндегі негізгі жетістіктер, Шымкент қаласында газды есепке алуды цифрландырудың пилоттық жобасын енгізу нәтижелері туралы айтты.

    Сондай-ақ ол газға қосылуға техникалық шарттарды алудың жаңартылған процесін, "Әлеуметтік әмиян" цифрлық құралы арқылы табиғи газға жеңілдіктер беру жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелерін таныстырды.

    Санжар Жаркешовтің баяндамасын тыңдаған премьер-министр саланың проблемалық мәселелеріне назар аударды.

    "Жұмыстарыңызда ешқандай проблемалық мәселелер жоқ па? Жұмыстың тек оң нәтижелерін ғана көрсеттіңіз. Біз проблемалық мәселелер туралы көбірек айтуымыз керек, оларды жарыққа шығарып, талқылауымыз қажет", - деді Олжас Бектенов.

    Санжар Жаркешов Қашаған МӨЗ-дегі ағымдағы жағдай туралы баяндады.

    "Қашаған газ өңдеу зауытында проблемалар болды. Құрылыс жұмыстары баяу қарқынмен жүрді. Қазіргі уақытта жаңа бас мердігер келгендіктен құрылыс жұмыстары бойынша мәселелер 100 пайыз шешілді. Бүгінде құрылыс кеңейтілген. Қазір құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

    "Тек оң нәтижелерді көрсеттіңіз": Бектенов QazaqGas басшысынан проблемалық мәселелерді көбірек айтуды сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.