jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев әкімшілігі Досаев қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді

    Ерболат Досаев
    Ерболат Досаев. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Алматы әкімдігі мемлекет басшысының тапсырмасымен қаланы сапалы дамытуға бағытталған нақты шаралар жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Тоқаевтың баспасөз хатшысына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арнасында жариялаған ақпаратқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 28-29 наурызда Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген.

    "Осыған сәйкес, қала әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі есеп бекітілген тәртіп бойынша дайындалып, мерзімінде ұсынылып отыр.

    Әкім қызметінің тиімділігіне президент әкімшілігі сараптама жүргізеді. Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бойынша Алматы қаласы әкімдігі ақпараттандырып отырады", - делінген Руслан Желдібайдың жазбасында.

    Тоқаев әкімшілігі Досаев қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.