"Парламентте сайлау болады" деген қауесетке қатысты сенат төрағасы жауап берді
Опубликовано:
Читать на русском
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев "биыл күзде Қазақстан парламентінде сайлау болады" деген қауесетке қатысты жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Мұндай әңгіме көп айтылып жүр деп айта алмаймын, бәлкім, біреу осындай ақпарат таратып жатқан шығар. Бірақ, көріп отырғандарыңыздай, мерзімінен бұрын сайлау болады деп айтуға негіз жоқ.
Парламент заңнамалық күн тәртібіне сәйкес жұмыс істеп жатыр – біз осы сессияда президентіміздің реформаларын жүзеге асыруға бағытталған өте үлкен заңдарды қарадық" - деп жауап берді Мәулен Әшімбаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Қазақстан үкіметі күзде тарай ма деген журналистердің сауалына жауап берген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2259686-parlamentte-sailau-bolady-degen-qauesetke-qatysty-senat-toragasy-zhauap-berdi/