Бұрынғы бірінші еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
Опубликовано:
Читать на русском
Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды. Бұл ақпаратты министрлік растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшысының ұсталу фактісін растайды. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша көмек көрсетіп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік тергеу барысына қатысты барлық сұрақ уәкілетті органдардың құзыретіне жататынын еске салды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы 11 сәуірде Ақмәди Сарбасов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылған еді.
Ол бұл қызметке 2020 жылғы 4 маусымда тағайындалған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2261147-buryngy-birinshi-engbek-vitse-ministri-aqmadi-sarbasov-ustaldy/