jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақмәди Сарбасов бірінші вице-министр қызметінен босатылды

    Ақмәди Сарбасов
    Ақмәди Сарбасов. Фото: primeminister.kz

    Ақмәди Сарбасов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

    Ақмәди Сарбасов 2020 жылғы 4 маусымынан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарып келді.

    Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы әділет министрі Азамат Есқараев, сондай-ақ Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалған еді.

    Бұдан бөлек, Асан Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне келді.

    Ақмәди Сарбасов бірінші вице-министр қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.