jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Бағанашыл" балалар үйіне қатысты дау: үш шенеунік қызметінен босатылды

    шенеуніктер
    Болат Күренбеков, Салтанат Беспаева және Ерік Әбітов. Фото: gov.kz

    Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйін Қонаевқа көшіруге қатысты даудан кейін Алматы облысында жоғары лауазымды үш шенеунік қызметінен кетті, деп хабарлайды облыстық білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Президент әкімшілігінің келісімімен, Болат Күренбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

    Сондай-ақ білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов та қызметінен кетті.

    "Облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды", - деді басқарма басшысының орынбасары Диана Оңбырбаева.

    Айта кетейік, биыл 21 шілдеде әлеуметтік желілерде балалар үйі тәрбиеленушілерінің Алматыдан Қонаев қаласына көшіріліп жатқаны туралы видео тарады. Балаларды полиция қызметкерлерінің көмегімен көшірмек болған.

    Бұл кадрларға бұрынғы балалар омбудсмені Аружан Саин назар аударып, балалардың келісімінсіз және пікірімен санаспай көшіру олардың құқықтарын бұзу екенін айтты.

    "Бұл жағдай енді жеке мәселе емес және мемлекеттің дереу араласуын талап ететін қоғамдық трагедияға айналып барады", - деді Аружан Саин.

    Кейін жағдаймен танысқан мемлекет басшысы Алматы қаласының әкіміне тапсырма берді, сөйтіп балалар үйі көшірілмейтін болды.

    Балалар үйі төңірегіндегі жағдайға байланысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да пікір білдірді, сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасап, балаларға қажетті психологиялық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

    Кейін мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мемлекет басшысынан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті отставкаға жіберуді сұрады.

    Артынша Алматыға "Бағанашыл" балалар үйінің қызметіне қатысты жағдайды жан-жақты және объективті қызметтік тексеру үшін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінен комиссия келді.

    Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігіндегілер "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері өз орталығы аумағында тұрып, Алматы қаласында білім алуын жалғастырады деп мәлімдеме жасады.

    "Бағанашыл" балалар үйіне қатысты дау: үш шенеунік қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.