jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Бағанашыл" балалар үйіне қатысты мәселе: депутат Алматы облысының әкімін отставкаға жіберуді сұрады

Бақытжан Базарбек
Бақытжан Базарбек. Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мемлекет басшысынан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті отставкаға жіберуді сұрады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бағанашылдағы балалар үйі төңірегіндегі бассыздық пен қоғамға берілген уәденің орындалмағаны үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті отставка жіберуді сұраймын!" - деп жазды Бақытжан Базарбек Facebook-тегі парақшасында.

Кейінірек депутат видео жариялап, балалар үйі төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, бүгін, 21 шілдеде әлеуметтік желілерде балалар үйі тәрбиеленушілерінің Алматыдан Қонаев қаласына көшіріліп жатқаны туралы видео тарады. Балаларды полиция қызметкерлерінің көмегімен көшірмек болған.

Бұл кадрларға бұрынғы балалар омбудсмені Аружан Саин назар аударып, балалардың келісімінсіз және пікірімен санаспай көшіру, олардың құқықтарын бұзу екенін айтты.

"Бұл жағдай енді жеке мәселе емес және мемлекеттің дереу араласуын талап ететін қоғамдық трагедияға айналып барады", - деді Аружан Саин.

Кейін жағдаймен танысқан мемлекет басшысы Алматы қаласының әкіміне тапсырма берді, сондай-ақ балалар үйі көшірілмейтін болды.

Балалар үйі төңірегіндегі жағдайға байланысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да пікір білдірді, сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасап, балаларға қажетті психологиялық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

"Бағанашыл" балалар үйіне қатысты мәселе: депутат Алматы облысының әкімін отставкаға жіберуді сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.