Тоқаевтың баспасөз хатшысы: Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуін құптайды
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды.
Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті", - делінген президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Telegram-арнасындағы хабарламада.
- Путин Украинаға 15 мамырда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды
- "Президент Путинге алғыс айтқым келеді": Трамп Путинмен телефон арқылы не туралы сөйлесті
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2275881-toqaevtyng-baspasoz-hatshysy-qazaqstan-resei-men-aqsh-prezidentterining-kezdesuin-quptaidy/