jitsu gif

Путин Украинаға 15 мамырда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Contributor/Getty Images

Путин Украинаға алдын ала шарттарсыз 15 мамыр күні Ыстамбұлда келіссөздерді қайта бастауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған Kazinform.

Владимир Путин Киевке бітімге келу туралы тікелей келіссөздерді "ешқандай алдын ала шарттарсыз" қайта бастауды ұсынды.

Президент бұл келіссөздер 15 мамырда Ыстамбұлда өтуі мүмкін екенін Кремльде түнде жасаған мәлімдемесінде айтты.

"Келіссөздер барысында жаңа бітім туралы келісімге келу мүмкіндігін жоққа шығармаймын", — деді Путин.

Киев әзірге Ресей президентінің ұсынысына пікір білдірген жоқ.

Айта кетелік АҚШ, Еуропа және Украина Ресейден 30 күнге сөзсіз бітім жасауды талап еткен еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.