jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Мирзиеевтің сәлемін жеткізді: Тоқаев Өзбекстан Олий мәжілісі сенатының төрағасын қабылдады

    Тоқаев пен Танзила Нарбаева
    Тоқаев пен Танзила Нарбаева. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Олий мәжілісі сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ️Кездесу барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарының өзекті мәселелері парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқыланды.

    ️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваға ілтипат білдіріп, оның Астанаға сапары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың айрықша сипатта өрбіп келе жатқанын растайтынын атап өтті.

    ️Мемлекет басшысы қос халық арасындағы достық, тату көршілік байланыстарды нығайтуға Өзбекстан Олий мәжілісі сенаты төрағасының қосқан үлесін жоғары бағалады.

    "Сіздің сапарыңыз елдеріміздің арасындағы достық қатынастарды нығайту тұрғысынан өте маңызды. Біз бауырлас Өзбек елімен ынтымақтастығымызды дамытуға ерекше мән береміз. Мұны Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда өте маңызды фактор деп санаймыз. Екі елдің ықпалдастығы неғұрлым тығыз әрі табысты өрбіген сайын, жалпы өңірдегі жағдай да тыныш болады. Сіздің сапарыңыз парламентаралық байланысты кеңейту үшін шын мәнінде маңызды рөл атқарады", – деді мемлекет басшысы.

    Танзила Нарбаева қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан президентіне алғыс айтып, президент Шавкат Мирзиеевтің сәлемін жеткізді

    "Президентіміз сізге ыстық ықыласын жолдап, алға қойған міндеттердің сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді. Қол жеткізілген уағдаластықтардың бәрі жеке бақылауында екенін айтты. Біз – президенттің бүкіл командасы, соның ішінде парламент оны іске асырып, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай еңбек етеміз. Өзіңіз айтқандай, Өзбекстан мен Қазақстан – бір-біріне ең жақын әрі сенімді серіктестер", – деді Өзбекстан Олий мәжілісі сенатының спикері.

    ️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Танзила Нарбаева парламентаралық дипломатияны, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

    ️Мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға айрықша мән берілді.

    ️Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдаланып, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке жылы лебізін жолдады.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге сіңірген еңбегі үшін Танзила Нарбаеваны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

    Мирзиеевтің сәлемін жеткізді: Тоқаев Өзбекстан Олий мәжілісі сенатының төрағасын қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.