jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Халқымыз қатты зардап шекті": Тоқаев ядролық қару туралы пікір білдірді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазуынша, кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуымыз керек.

    "Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс.

    Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет.

    Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар", - деп жазды президент.

    "Халқымыз қатты зардап шекті": Тоқаев ядролық қару туралы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.