jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Бірде-бір желі жабылған жоқ: Тоқаев Қазақстан халықаралық қауымдастыққа ашық мемлекет екенін айтты

    Әлеуметтік желі
    Әлеуметтік желі. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Мемлекет басшысы Конституцияның 30 жылдығына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстан халықаралық қауымдастыққа ашық мемлекет екенін атап өтіп, елімізде болып жатқан жақсы өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ұлт заңы – Конституциямыздың жасампаздық күші зор. Өйткені Ата Заңның әр бабында барша азаматқа ортақ құндылықтар мен біртұтас халқымыздың мақсат-мүддесі бар.

    "Конституциялық, саяси, экономикалық реформалардың, халқымыздың орасан зор күш-қуаты мен әлеуетінің, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет саласына салынған ауқымды инвестициялардың арқасында елімізде шын мәнінде жақсы өзгерістер жасалып жатыр. Жақсыны жақсы деп айту керек. Бұл да әділеттілік көрінісі.

    Оқушыларымыз бен студенттеріміз беделді халықаралық олимпиадаларда топ жарып жүр. Спортшыларымыз әлемдік сайыстарда жеңімпаз болып, еліміздің мерейін асыруда.

    Алдына нақты мақсат қойған азаматтарымыздың бәрі білім, ғылым, өнер, бизнес және басқа да көптеген салада табысқа жетуде", - деді президент.

    Мемлекет басшысы Қазақстан халықаралық қауымдастыққа ашық мемлекет екенін, елде ғаламтор еркіндігі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайтынын атап өтті.

    "Елімізде бірде-бір желінің негізгі арнасы жабылған жоқ, барлық азаматқа әлемдік жаңалықтардың көздеріне жол ашық.

    Біздің азаматтарымыз шетелге еркін барып тұрады. Ал жастарымыз өздері таңдаған университеттерде білім алуда, оларға ешқандай тосқауыл, кедергі жоқ. Осындай мемлекеттік саясат өз жалғасын табады.

    Көптеген елдің жастары бізді болашағы жарқын мемлекет ретінде таниды, Қазақстанға келгісі келеді, келіп те жатыр.

    Еліміздің мақсаты – айқын, келешегі – зор. Біз цифрландыру мен жасанды интеллектіні ел игілігіне қолданатын озық мемлекет боламыз деп белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз", - Қасым-Жомарт Тоқаев.

    "Бірде-бір желі жабылған жоқ: Тоқаев Қазақстан халықаралық қауымдастыққа ашық мемлекет екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.