jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Конституцияның 30 жылдығына орай бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталады

    Ата заң
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мемлекет басшысы Конституцияның 30 жылдығына орай бір топ азаматты мемлекеттік наградамен, соның ішінде мерекелік медальдармен марапаттайтынын айтты, деп хабарлайды Ақорда.

    Мемлекет басшысы Ата заңның алғашқы жобаларын әзірлеуге қатысқан азаматтар жиынға қатысып отырғанын атап өтіп, бір топ азаматтарды, оның ішінде депутаттар мен ғалымдарға ризашылығын білдірді.

    "Конституциямыздың 30 жылдығы – еліміз үшін тарихи меже.

    Бүгін арамызда Конституциямыздың алғашқы жобаларын әзірлеуге қатысқан азаматтар отыр. Соңғы конституциялық реформаны жүзеге асыруға белсене атсалысқан бұрынғы депутаттар мен белгілі ғалымдар бар.

    Бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін.

    Мен Конституцияның 30 жылдығына орай мемлекеттік наградамен, соның ішінде мерекелік медальдар бар, бір топ азаматты марапаттау туралы шешім қабылдадым.

    Баршаңызға амандық, табыс тілеймін!

    Конституциямыздың айбыны асқақ болсын!", - деді президент.

    Конституцияның 30 жылдығына орай бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.