jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақорда мәліметіне сәйкес, мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

    Сондай-ақ Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

    Агенттік ақпаратынша, Әбдірахманов 1977 жылғы 21 қаңтарда Алматы облысы Рудничный ауылында дүниеге келді.

    1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" мамандығы бойынша аяқтады. Йорк университетінде және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Executive Management бағдарламасы бойынша оқыды.

    Әбдірахманов Қазақстан Ұлттық Банкіндегі еңбек жолын 1998 жылы Банктерді қадағалау департаментінің № 2 банктерді қадағалау басқармасы инспекциялау бөлімінің жетекші экономисі ретінде бастады.

    1998 – 2003 жылдар аралығындағы кезеңде жетекші экономистен бастап бөлім бастығына дейін түрлі лауазымдарды атқарды.

    2004 – 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде жұмыс істеді.

    Одан кейін 2011 – 2018 жылдары Қазақстан Ұлттық Банкінде басшылық лауазымдарды атқарды.

    2018 жылғы тамыз – 2019 жылғы мамыр аралығында – "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-тың Төрағасы.

    2019 жылғы мамыр – 2019 жылғы желтоқсан аралығында Төлем балансы департаменті директорының лауазымын атқарды.

    2019 жылғы желтоқсанда Әбдірахманов Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалған болатын.

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынған мәліметке сәйкес, экономист Тимур Әбілқасымов Radius Advisory Lab ЖШӘ консалтингтік компаниясының әріптесі лауазымын атқарды, онда ол Қазақстанның және Өзбекстанның коммерциялық банктеріне және ірі холдингтеріне тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және ХҚЕС стандарттарын енгізу жүйелерін жетілдіру мәселелері бойынша консультация берді.

    Квазимемлекеттік сектор компанияларында және ЕДБ-да жұмыс істеді, Қазақстан парламенті сенатының жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі болып табылады.

    Тимур Әбілқасымов Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын "бизнес экономикасы" және "мемлекеттік саясат экономикасы" мамандықтары бойынша 2011 жылы аяқтады, Лондон бизнес және қаржы мектебінде "тәуекел-менеджмент" мамандығы бойынша МВА дәрежесін алды.

    Тәуекелдерді басқару жөніндегі кәсіби мамандардың жаһандық қауымдастығынан FRM (Financial Risk Manager) халықаралық сертификатының иегері болып табылады. Бұдан басқа, Тимур Әбілқасымовтың операциялық тәуекелдер, Базель III және Data science бойынша сертификаттары бар.

    Әбілқасымов "Қазтеміртранс" АҚ және Kazakhstan Energy Reinsurance Company Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымын атқарды, сондай-ақ М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-да аға оқытушы болып жұмыс істеді. Тәуекелдерді басқару, модельдеу және қаржы секторы мәселелеріне арналған Risk Takers телеграм-арнасының авторы болды.

    Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.