jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаевтың алдағы жұмыс кестесі жарияланды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Ақорда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді

    27 қыркүйекте Астанаға Мьянма президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді. Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.

    29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келеді.

    Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.

    Тоқаевтың алдағы жұмыс кестесі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.