jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Астананың Ботаникалық саябағында жастармен бірге ағаш екті (фото, видео)

    Тоқае жастармен бірге ағаш екті
    Тоқае жастармен бірге ағаш екті. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысып, жастармен бірге ағаш отырғызды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президент Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті. Жалпыұлттық іс-шара аясында биыл республика аумағында 2,4 миллионға жуық көшет отырғызылған.

    Мемлекет басшысы акция барысында Jasyl El ұйымының белсенділрімен әңгімелесіп, қоғамдық жұмысқа ат салысып жүрген жастарға алғыс айтты.

    "Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл – өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар сіздерден үлгі алады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Тоқаев Астананың Ботаникалық саябағында жастармен бірге ағаш екті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.