jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    500-ге жуық ұсыныс келіп түсті: Тоқаев парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді

    Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесі
    Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесі. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ерлан Қарин мемлекет басшысына парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы мәлімет берді.

    Мәселен, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінің "Парламенттік реформа" арнайы бөлімі іске қосылғаннан бері 500-ге жуық ұсыныс келіп түскен. Халық арасынан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жолданған ұсыныстар мен бастамаларды талдау, жүйелеу жұмыстары жалғасып жатыр.

    Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бұған дейінгі отырыстарында бір палаталы парламентті қалыптастыру және оның заңнамалық функцияларын жүзеге асыру мәселелері талқыланған. 9 қаңтарға жоспарланған жұмыс тобының кезекті жиынында қалған бағыттар бойынша ұсыныстар егжей-тегжейлі қаралады.

    Сонымен қатар мемлекеттік кеңесші президентке Ұлттық құрылтайдың жұмыс секциялары бойынша желтоқсан айында өткен отырыстың қорытындылары және құрылтайдың алдағы бесінші басқосуына дайындық барысы туралы баяндады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев парламентті реформалау саяси жүйені трансформациялау үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, алда ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанына назар аударды.

    Сондай-ақ барлық бастаманы жан-жақты саралап, оның негізінде конституциялық реформаның базалық тәсілдерін әзірлеуді тапсырды.

    500-ге жуық ұсыныс келіп түсті: Тоқаев парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.