jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанның жаңа парламентінде депутаттар саны 145 болуы мүмкін

    Парламент ғимараты
    Парламент ғимараты. Фото: t.me/mazhilis_kz

    Бір палаталы жаңа парламенттегі мандат саны 145 болуы мүмкін. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Ал депутаттар санына келсек, бұл мәселе де қызу пікірталас туғызды. Ең көп пікір қайшылығы осы мәселеге қатысты болды.

    Бірінші тарап еліміздегі халық санына қарай пропорционалды уәкілдік идеясын ұсынды. Екінші тарап депутат санын 500-ге дейін арттыру қажет деді.

    Біздің негізгі мақсатымыз – шын мәнінде тиімді әрі кәсіби парламент құру", - деді мемлекет басшысы.

    Президент жаңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс екенін айтты.

    "Әлемдегі озық тәжірибелерге қарасақ, бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе – санда емес, сапада!

    Ең бастысы, парламентте нағыз отаншыл азаматтар – білікті мамандар отыруға тиіс!

    Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді.

    Жаңа парламентте төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден аспауы керек", - Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Айта кетелік, бүгінгі жиында мемлекет басшысы жаңа парламентті Құрылтай деп атауды ұсынды.

    Қазақстанның жаңа парламентінде депутаттар саны 145 болуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram