jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Депутаттар Алатау қаласының арнаулы мәртебесіне қатысты конституциялық заң жобасын мақұлдады

    Парламент
    Көрнекі сурет: parlam.kz

    Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Құжатқа сәйкес, Алатау жеке қаржылық моделі, арнайы басқару режимі және сапалық тұрғыдан жаңа деңгейдегі институционалдық базасы бар дербес экожүйе ретінде қарастырылады.

    Қаланы басқару моделі қазіргі жергілікті әкімшілік басқару мен стратегиялық дамуды бөлу қағидатына негізделмек. Бұл нәтижеге жауап беретін бірыңғай орталық – Alatau City Authority құруға мүмкіндік береді. Әңгіме премьер-министр басқаратын Кеңес жетекшілік ететін, үкімет құрамына кірмейтін мемлекеттік органға айналатын мемлекеттік қор нысанындағы әкімшілік туралы болып отыр.

    Кеңес қаланы дамытуға қатысты стратегиялық шешімдерді, сондай-ақ әкімшілік актілерін бекітеді. Бұл актілердің заңдық күші жергілікті деңгейде заңдарға теңестіріледі. Әкімшіліктің атқарушы функциясын бас атқарушы директор жүзеге асырады.

    Бұл ретте мәслихат пен әкімдік сияқты конституциялық жергілікті басқару органдарының қызметі түбегейлі өзгермейді. Олар қаланың әлеуметтік, коммуналдық және саяси салалардағы күнделікті тіршілігін қамтамасыз етеді.

    Алатауды дамыту әуел бастан толыққанды Smart City – Digital by default (Автоматты цифрлық) қағидатына негізделген зияткерлік қала ретінде қарастырылады. Басқарудың барлық негізгі процестері цифрлық форматта жобаланып, жасанды интеллектке негізделген шешімдермен терең ықпалдастырылады.

    Депутаттар Алатау қаласының арнаулы мәртебесіне қатысты конституциялық заң жобасын мақұлдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.