jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен шығарылды

    Ерболат Асқарбекұлы Досаев
    Ерболат Досаев. Фото: Алматы әкімдігі

    Жақында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылған Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, бұл туралы Қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес белгілі болған.

    Құжатқа сәйкес, қордың басқару органының құрамын өзгерту туралы шешімді 2026 жылғы 25 наурызда жалғыз акционер қабылдаған.

    Осыған байланысты Ерболат Досаев директорлар кеңесінің құрамынан шығарылған.

    Қазіргі уақытта қордың директорлар кеңесінің құрамында алты адам бар. Олар: Олжас Бектенов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов және Мұхаммед Жәмил әл Рамахи.

    Естеріңізге сала кетейік, 25 наурызда мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Досаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.

    Бұл қызметке ол 2025 жылғы қыркүйекте тағайындалған еді.

    Ал "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесіне құрамына былтыр желтоқсанда кірген болатын.

    Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.