jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мектеп, колледж және университеттердегі оқу бағдарламасына Конституцияның тың қағидаттары енгізіледі

    Жаңа Конституция
    Жаңа Конституция. Фото: Ақорда

    Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға жаңа Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үкімет еліміздің Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

    Қазіргі таңда сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Конституцияның барлық новеллалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді

    "Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, осы бағытта жоспарлы жұмысты одан әрі жалғастыруы қажет.

    Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері халықтың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру жөніндегі кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеп, Конституцияның тың қағидаттарын мектептер мен колледждердің және университеттердің үлгілік оқу бағдарламаларына енгізуді қамтамасыз етуге тиіс", - деп атап өтті үкімет басшысы.

    Сондай-ақ заңнаманы талдау жүргізіп, бағдарламалық құжаттарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

    "Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, белгіленген мерзімдерде қолданыстағы заңнамаға кешенді талдау жүргізіп, барлық заңдар мен бағдарламалық құжаттарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау қажет.

    Барлық орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Олжас Бектенов.

    Мектеп, колледж және университеттердегі оқу бағдарламасына Конституцияның тың қағидаттары енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.