jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Ғалымдармен кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Бүгінгі салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді.

    Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғаның мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше.

    Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы.

    Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы "Әл-Фараби" орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі.

    "Мейірім", "Қожа Ахмет Ясауи", "Әл-Фараби" ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады", - дейді президент.

    Тоқаев "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.