jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президент көрнекті өнер қайраткері, режиссер-сценарист, І дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

    "Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын киелі сахнаға арнаған театр тарланы, өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап, отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты.

    Жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, мәдениет көкжиегін кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсады", - деп жазылған жеделхатта.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін 85 жасқа қараған шағында Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың дүниеден өткені белгілі болды.

    Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.