jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев: Қарулы күштеріміз бен әскери мекемелерімізді екі жыл ішінде түбегейлі реформалау керек

    Сапта тұрған әскери қызметшілер
    Әскери қызметшілер. Көрнекі фото: facebook.com/modgovkz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күніне орай мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтіп, әскерімізді технологиялық тұрғыдан жаңғырту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.

    Президенттің атап өтуінше, Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел.

    "Біз кез келген қақтығыс дипломатиялық жолмен, келіссөздер арқылы шешілуге тиіс деп есептейміз, әрқашанда "ас пен тас" стратегиясын жүргізуге дайын болуымыз қажет. Біз халықаралық құқық қағидаттары мен нормалары қатаң сақталуы керек деп санаймыз. Қазақстан әлемнің барлық елімен достық қарым-қатынасын нығайта береді. Осы мызғымас ұстанымдар жаңа Ата заңымызда нақты айқындалды. Бірақ бұл қамсыз отыру қажет деген сөз емес. Еліміз түрлі сын-қатердің алдын алуға және кез келген қауіпке төтеп беруге дайын болуға тиіс. Сондықтан мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін күшейтіп, әскерімізді ең бірінші кезекте технологиялық тұрғыдан жаңғырта беруіміз қажет. Бұл – қазіргі тұрақсыз, құбылмалы заманның талабы, соны ескере отырып, ең алдымен, Қарулы күштерімізді және әскери мекемелерімізді түбегейлі реформалау керек. Бұл – стратегиялық маңызы зор міндет, оны созбай, екі жыл ішінде орындау қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Тоқаев: Қарулы күштеріміз бен әскери мекемелерімізді екі жыл ішінде түбегейлі реформалау керек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.