jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаевтың бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ақордада қызметке тағайындалды

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Руслан Желдібай
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Руслан Желдібай. Фото: facebook.com/ruslan.zheldibay

    Қазақстан президентінің бұрынғы көмекшісі және бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бүгін мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан президентінің бұрынғы көмекшісі және бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлаған.

    Айта кету керек, Желдібай алғаш рет президенттің баспасөз хатшысы қызметіне 2022 жылдың сәуірінде кіріскен. Ол сондай-ақ президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін де атқарды.

    2023 жылдың қыркүйегінде ол президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ал 2025 жылдың ақпан айында ол қайта Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды.

    Биыл 29 қаңтарда ол қызметінен босатылды. Руслан Желдібайдың орнына Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы қызметіне бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған Айбек Смадияров тағайындалған еді.

    Тоқаевтың бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ақордада қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.