jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, Instagram-дағы ресми парақшасында жазба жариялады.

    Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет.

    Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды.

    Өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде.

    Менің бастамаммен қолға алынған "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр.

    Биыл "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы іске асырыла бастады.

    Жас буынды қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті және Озық Қазақстанның басты назарында болады", - делінген президенттің желідегі жазбасында.

    Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.