jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Алатау қаласының даму барысымен танысты (фото)

    Алатау қаласы
    Алатау қаласы. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды, деп хабарлайды Ақорда.

    Қазіргі кезде қала ауданы 88 мың гектарды құрайды. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген. Сонымен қатар қаланың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері айқындалып жатыр. Магистралды инфрақұрылымды ілгерілету бойынша жол картасы қолға алынған.

    Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.

    Бүгінде Gate City тұрғын үй алабы жедел өркендеп келеді. Мұнда "жайлы мектеп" бой көтеріп, бірнеше жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс істейді.

    Алатау қаласы
    Алатау қаласы. Фото: Ақорда

    Бұдан бөлек 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Оның жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады.

    Атап айтқанда, мұнда Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыт салынып жатыр. Сондай-ақ үй жануарларына арналған азық өндіретін өңірдегі алғашқы заманауи әрі бірегей жоба қолға алынды.

    Тоқаев
    Президент Алатау қаласының даму жоспарымен танысты. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен саналады. Қаладағы негізгі нысанның бірі Gate District ауданында бой көтермек.

    Тоқаев Алатау қаласының даму барысымен танысты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.