jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев Ұлттық банкке қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді тапсырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының есебін тыңдады
    Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының есебін тыңдады. Фото: Ақорда

    Тоқаев Ұлттық банк басшылығының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы мен 2026 жылға арналған жоспары туралы есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

    Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясатында қол жеткізген нәтижелер, қаржы секторы, алтын-валюта резерві, Ұлттық қор мен БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жағдайы, сондай-ақ қаржы жүйесінің цифрлық трансформациялануы жөнінде мәлімет берді.

    Президентке былтыр инфляция деңгейі 12,3 пайызға дейін бәсеңдегені баяндалды. Инфляцияның төмендеуі биыл да жалғасуда, мамыр айының мәліметіне сәйкес — 10,4 пайыз.

    Ұлттық банк Үкіметпен бірге инфляция деңгейін баяулату бағытында кешенді жұмыс жүргізуде.

    Мемлекет басшысына Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына берілген Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтерінің жай-күйі жөнінде ақпарат ұсынылды.

    Ұлттық банктің алтын-валюта резерві былтыр рекордтық деңгейге жетіп, 65,4 миллиард долларды құрады. Ұлттық қордың валюталық активтері 5,1 миллиард долларға өсіп, 63,9 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ активтерінің көлемі 2,7 триллион теңгеге артып, 25,1 триллион теңгеге ұлғайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрландыру және цифрлық жобаларды дамыту жайында айтылды. 2025 жылы цифрлық активтерге арналған арнайы құқықтық режим қолданысқа еніп, оның базасында нақты активтерді токендеу, ақшаға байланған стейблкоиндер шығару, криптопровайдер мен крипто-фиат арналарын ұйымдастыру сияқты 30-дан астам пилоттық жоба жүзеге асырылды.

    Қазақстан өңірдегі алғашқы Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын іске қосты. Бұл қауіпсіз биометрия, банкаралық есеп айырысуларды жүргізу, қаржылық ақпарат алмасу жүйесі, цифрлық теңге, алаяқтықтан қорғау және заманауи цифрлық сервистер секілді тетіктерді біріктіреді.

    Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банкке қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Үкіметпен бірлесе инфляцияны тежеу және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау жөнінде үйлесімді саясат жүргізуді тапсырды.

    Сонымен қатар қаржы нарығындағы озық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытудың маңызы айрықша атап өтілді.

    https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-ulttik-bankke-karzhi-zhuyesnn-orniktiligin-kamtamasiz-etud-tap-6a582c1f

    Тоқаев Ұлттық банкке қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.