jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Қосановқа алғыс айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы абыройлы, нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярға сілтеме жасап.

    Сонымен қатар ол партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған "Әділет" партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімдеріне ризашылығын білдірді.

    Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті.

    Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің "Әділет" партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Amanat партиясы жаңа құрылған "Әділет" партиясына қосылатыны белгілі болған еді.

    Тоқаев Қосановқа алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.